Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
2833 1 пікір 18 Тамыз, 2023 сағат 11:00

СҚО-да 104 мың гектардан астам жер қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысында жерді тиімсіз пайдаланғандарға биыл 1,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды, олқылықтарды жоюға 23 ұйғарым беріліп, құжаттар мемлекеттік кірістер департаментіне 20 еселенген көлемде салық салу үшін жіберілді.

СҚО Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Бақытжан Бекіштің айтуынша, 65,5 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге 32 тексеру жүргізілді. Соның шамамен 38 мың га бойынша 23 заң бұзушылық анықталды, негізінен жайылымдық жерлерге қатысты. Мәселен, былтыр 375,4 мың га алқапта 96 заң бұзушылық анықталды, оның 107 мың га егістік, 269,4 мың га жайылымдық жер бойынша.

«Заң бұзушылықтарды жою туралы 23 ұйғарым берілді, олар мемлекеттік кірістер департаментіне 20 есеге ұлғайтылған салық ставкасын қолдану үшін жіберілді. Бұдан басқа 1 638,75 мың теңге сомасына 20 айыппұл салынды. Оның 17-сі бойынша 1 224,75 мың теңге өндіріліп алынды.

Жалпы биыл СҚО-да жоспар бойынша пайдаланылмай жатқан жерлердің 330 мың га қайтарылуы тиіс», - дейді Бақытжан Бекіш.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 104,7 мың га, оның ішінде 7,5 мың га егістік, 90,1 мың га жайылым немесе жоспарланған аумақтың 31,7 % қайтарылды.

Фото: интернеттен

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1239
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2766
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 892
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 839