Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2593 0 пікір 11 Маусым, 2013 сағат 10:40

Аусылдан көзi жойылған малға 174 миллионнан астам теңге төлендi

Шығыс Қазақстан облысындағы аусыл дертiнiң ошағы ауыздықталды. Бұл туралы бүгiн Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң төрағасы Мереке Тайтубаев мәлiм еттi.

Бүгiнгi таңда Шығыс Қазақстан облысының екi ауданында 3 аусыл ошағы (Ақшоқы, Ахметбұлақ, Маңырақ) тiркелген болатын. Қазiргi уақытта Ресей елiнен әкелiнген вакцина ШҚО Тарбағатай мен Үржар аудандарындағы iрi-қара малдардың жартысына егiлдi.

"Бүгiнгi таңда жағдай тұрақты. Вирустың жаңа оқиғалары тiркелген жоқ. Қанында аусыл дертi бар мал анықталған жоқ", - дедi М. Тайтубаев.

Оның айтуынша, вирус Қытай жерiнен келуi ықтимал. Себебi аталмыш ауылдар ҚХР шекарасынан 50-100 метр қашықтықта орналасқан.

"Ошақтың пайда болған уақыттан берi облыста 2300-ге тарта iрi-қара мал жойылған болатын. Оның iшiнде бiрiншi оқиға тiркелген Үржар ауданы Ақшоқы ауылында 1373 мал басы жойылды. Қазiргi уақытта сол ауылдың 154 отбасына толығымен өтемақы төлендi. Оның жалпы сомасы - 174,3 млн. теңгенi құрады. Тарбағатай ауданы Маңырақ және Ахметбұлақ ауылдарында 900 iрi қара мал басы жойылуға жiберiлдi. Ол ауылдарда тұрғындардан тиiстi құжаттар жиналуда және оның нәтижесiнде бiр тәулiктiң көлемiнде өтемақы төленедi. Алынған малдың әр басын бағалау барысында нарықтық бағаның деңгейi ескерiледi", - дедi ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5405