Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4841 0 пікір 2 Шілде, 2013 сағат 10:57

Шыңжаңда не болып жатыр?

Қытайдың ресми ақпарат көздері Шыңжан – Ұйғыр автономиялық өлкесінің Лукун қаласында 28 маусым күні таңға жуық террорлық акті болып, пышақпен қаруланып, мотоциклге мінген адамдар полиция бөлімшесіне, патрулдік полицияның арнайы бөлімшесіне, қала әкімшілігіне және мигранттар жұмыс істеп жатқан құрылыс алаңына шабуыл жасаған деп хабарлайды.

Оқиға салдарынан 24 адам қаза тапқан. Оның 16-сы ұйғыр, 2-і полицей. 21 адам жарақат алып, шабуыл жасағандардың 11 қаза болып, 4 ұсталған.

Төтенше оқиғадан соң, Қытай Халық армиясының бір бөлігі террористерді басып-шаншу үшін Шыңжан – Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі террор жасалған аймаққа кірігізлген.

Ал, әлемдік ұйғыр конгресі болса, Қытай өкіметі Шыңжаңда нақты қандай жағдай болып жатқанын әлем елдерінен жасыру үшін ақпараттық шектеу қойып отыр деп мәлімдеді.

Бұған дейін, яғни 2009 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында қытайлар мен ұйғырлар қақтығысып, 200-ге жуық адам опат болған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 979
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2506
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 683
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 654