Жексенбі, 24 Қараша 2024
1433 3 пікір 8 Қыркүйек, 2023 сағат 15:26

ҰҚК: «Қожа Ахмет Ясауи кесенесін лаңкестер жармақ болған»

Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жармақ болған. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлім етті.

«Қазақстанда террористік қауіп тұрақты түрде сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алды алынады. Мысалы, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Сондай-ақ, Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды. Бізге келіп түскен ақпарат «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін террористік қатерлердің қалыптасуы бірқатар үстем фактордың әсерінен болады» деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді», - деді Руслан Сейсембаев Астанада өтіп жатқан ШЫҰ отырысында.

Айта кетейік, бүгін елордада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) өңірлік терроризмге қарсы құрылым РАТС кеңесінің 40-отырысы өтіп жатыр.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592