Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 935 0 пікір 11 Қыркүйек, 2023 сағат 14:07

Алматыда «Ұлттық таным» жобасы басталады

14 қыркүйек пен 5 қазан күндер аралығында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қолдауымен «Жастар Үні» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қаласының теологиялық оқу орындарында оқитын студенттер арасында қазақ халқының рухани құндылықтарын насихаттайтын - «Ұлттық таным» жаңа жобасын ұйымдастырады.

«Ұлттық таным» жаңа жобасы аясында, қойынына сан ғасырлық тарихын жасырған Алматы әсем шаһарының тереңіне үңіліп, мәдени орындарымен танысу үшін, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті мен Әбу Ханифа медресе колледжінің теология, дінтану, исламтану мамандығының 200-ге жуық тәлімгерлері арнайы танымдық-академиялық кездесу күндеріне қатысады.

Кездесу күндері - 14 қыркүйек сағ.15.00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайында, 19 қыркүйек сағ.18.30-да Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында, 28 қыркүйек 15.00-де Ықылас атындағы Ұлт аспаптары музейінде, 05-қазан 15.00-де «Боралдай-Сақ қорғандары» Ашық аспан астындағы музейінде студенттер - отандық тарих, мәдениет, этнография, өнер, фольклор және т.б. еліміздің ұлттық құндылықтары жөнінде толық мағлұмат алатын болады.

Жобаның мақсаты – шалғай аймақтардан, ауылдан, қаладан тыс өңірлерден келіп, теология мамандығында дәріс алып жүрген болашақ жас мамандарға Алматының бай тарихы мен құнды мәдениетін, ұлтымыздың асыл руханияты жинақталған материалдық-рухани құндылықтарымен таныстыру болмақ.

Қосымша ақпарат алу үшін:
«Жастар Үні» РҚҚ,
үйлестірушілер - Асет 8747 774 7098, Рустам 8701 232 7884

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602