Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3196 0 пікір 3 Шілде, 2013 сағат 09:10

Шығыс ауылдары интернетке қосылады

Аягөз қаласының өзінде ғана 12 мыңнан астам тұрғын сапалы сандық байланысты пайдаланып отыр. Байланыстың жаңа технологиясын пайдалануда да аудан жұртшылығы алдыңғы қатарда. Айталық, 1800 тұрғын «Мегалайн» абоненті болып отырса, 650-і «ID TV», 500-і «ID FOH» пайданылады.

Ал ауданның шалғайда орналасқан Ақшәулі, Мәдениет, Байқошқар ауылдары келесі жылы сандық жүйеге көшіп, интернетке қосылады. Қазір Мамырсу, Майлин, Нарын ауылдарында қосымша 105 сандық абонент жүйесі қосылып, интернетті пайдаланып отыр. Әзірге ауданда 78 пайызға қамтылып отырған сандық жүйе 2015 жылы толық қуатына енбек. Биыл Баршатас ауылына талшықты желі тартылуда, ол алдағы жылдары аяқталмақ.

«Аудандық телекоммуникация торабында мәселелер де жоқ емес, 12 елді мекен қызмет көрсетуден тыс қалып отыр, оларды байланыспен қамту алдағы уақыттың еншісінде, ал 23 елді мекенге байланыс жүйесі жетпей келеді» дейді аудандық телекоммуникация торабының басшысы Жұмағали Есенгелдіұлы.

Байланыс қызметінің сандық түрін пайдалануда ауыл кәсіпкерлері ықпалдастық танытып, көптеген алыс қыстақтарға телефон орнатуға тапсырыс беруде. Осының барлығы ұжымның үйлесімді жұмысы мен мамандардың біліктілігі арқасында. Қазақстанның «Құрметті байланысшылары» Қайыржан Малғаждарұлы мен Ниязбек Таңатов, инженер Д. Балташұлы, Анар Мұқашевалардың еңбегін айта кеткен жөн.

Аудандық телекоммуникация торабы облыстағы жер көлемі үлкен өңірдегі 65 елді мекенге қызмет көрсетіп отыр.  Мұндағы 98 инженер-техниктің бәрі де өз ісінің білгір мамандары.

Aбай-ақпарат

0 пікір