Жексенбі, 8 Желтоқсан 2024
1213 1 пікір 20 Қыркүйек, 2023 сағат 16:23

«Семей орманы» қызметкерлерінің жалақысы неге өспеді?» – Министрлік жауап берді

Семей орманы реверваты қызметкерлері мен жұмысшыларының жалақысы теңдей өспеген. Нақтырақ айтқанда, орманшылардың жалақысы артқанымен жүргізуші, деспетчер, жалдамалы жұмысшылар еңбекақысы сол күйі қалған. Аталған мәселе бойынша Еңбек министрлігі түсінік берді.

«Елімізде 1 млн 200 мың азаматтық сала жұмысшысы бар. 2020 жылдан бастап (5 жыл бойы) олардың айлығы көбейіп келеді. Жоғарыда аталған 1 млн-нан астам азаматтық сала жұмысшының ішінде 600 мыңы орман саласында еңбек етеді. Олардың жалақысы 4 жылдың ішінде екі рет өседі», - деп жауап берді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, 600 мың азаматтық сала жұмысшылардың қатарында орманшылар мен оған теңдес жұмысшылар бар.

«Семей орманындағы жағдай бойынша арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссия мәселенің мән-жайын қарап, жұмыс берушілерді кінәлі деп танып, қазір іс қаралып жатыр. Жалақыға келсек, Иә, орманшылардың жалақысы расында көтеілді, ал басқа категорияға жататын жұмысшылар бойынша (жүргізуші, деспетчер, жалдамалы жұмысшылар) бүгінде Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлескен жұмыс жүріп жатыр», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1553