Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2657 3 пікір 21 Қыркүйек, 2023 сағат 17:05

Қарабақ дауы: Армяндар мен әзірбайжандар келіссөз жүргізіп жатыр

Бүгін Қарабақ армяндары Әзербайжанның осындағы армяндармен байланысуға жауапты адамымен кездесу үшін Евлах қаласына келді, деп хабарлайды Әзертадж басылымы.

Қазіргі уақытта кездесуге соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Кездесуде Әзербайжан Республикасының Конституциясы мен заңдарын негізге алып қайта бірігу мәселесі талқыланады.

Әзербайжан әскерінің Қарабақтағы лаңкестікке қарсы операциясы сепаратистердің тізе бүгуімен аяқталды.

Қарабақта орналасқан Ресей бітімгер күштері қолбасшылығының арағайындығымен 20 қыркүйек сағат 13:00-ден бастап әскери іс-қимылды толық тоқтату туралы келісімге қол жеткенін еске сала кетейік.

Келісім бойынша Арменияның қарулы күш құрылымдары, Әзербайжан Республикасы Қарабақ аймағында орналасқан заңсыз әскери құрылымдар қаруын тастап, жанжал орны мен әскери посттардан кетіп жатыр.

Армения қарулы күштері Әзербайжан аумағын босатып, заңсыз армян әскери құрылымдары таратылып жатыр. Сонымен қатар оқ-дәрі мен ауыр техника да тапсырылды.

Жоғарыдағы процестерді Ресей бітімгер контингенті үйлестіреді.

Бұған дейін «Арменпресс» басылымы Арцах президентінің аппараты осы мәселе бойынша мәлімдеме таратып, 21 қыркүйек күні Евлахта Қарабақ пен Әзербайжан билігі өкілдерінің кездесуі жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Рим Папасы да Қарабақтағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 956
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2459
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 661
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 638