Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
1621 2 пікір 27 Қыркүйек, 2023 сағат 14:23

Әлия Назарбаеваға қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған

ӨКМ операторына қатысты Әлия Назарбаеваға ешқандай қылмыстық іс ашылған жоқ. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев хабарлады.

«Әлия Назарбаеваға қатысты қылмыстық қудалау немесе іс қозғау туралы мүлде мәлімет жоқ. Жақында ӨКМ бойынша үкім шықты. Қалалық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды. Ал сіздер айтып отырған кісі (Әлия Назарбаева – автор) туралы ақпарат жоқ», – деді Бас прокуратура өкілі.

Еске салайық, шілдеде «Оператор РОП» ісі бойынша сот үкімі шыққан.

Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бас директор Светлана Короткенко және қаржы директоры Рустем Темірбек қамауға алынды. Оларға алты қоқыс шығаратын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру арқылы кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрламақ болды деген айып тағылды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048