Жұма, 18 Сәуір 2025
1540 0 пікір 2 Қазан, 2023 сағат 12:06

Қарағанды облысы: Ұшақ апатынан екі адам қаза болды

Сурет: Әлеуметтік желіден

30 қыркүйекте таңертең Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза болды. Бұл жөнінде азаматтық авиация комитеті хабарлады. 

"Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу кезінде P2002 тектес UPLA286 ұшағы сағат 7:46-да әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпай қалды. Іздеу кезінде әуе кемесінің қирап, екі адам қаза болғаны анықталды" деп хабарлады комитет.

Көлік министрлігінің апаттарды зерттеу департаменті оқиғаға қатысты тергеу бастаған.

Дереккөзге сүйенген Orda.kz инструктор мен әскери курсанттың өлгенін хабарлады. Сайттың жазуынша, әскери курсант ұшуға рұқсатты шамамен екі апта бұрын алған. Ал инструктордың тәжірибелі ұшқыш екені айтылады.

Апатқа не себеп болғаны әзірге айтылған жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1989
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4842
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4021