Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
1186 2 пікір 2 Қазан, 2023 сағат 12:12

Қазақстанда Максим Галкиннің концерті өтпейтін болды

Қазақстанда ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті өтпейтін болды. Әртіс өнер көрсетуі тиіс концерт сарайлары шара жақындаған шақта аяқ астынан жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды.

Астанадағы "Қазақстан" концерт залының басшылығы 30 қыркүйекте су құбырына жөндеу жұмысы жүргізілетінін, ал 1 қазанда Алматыдағы Республика сарайы сахна бұзылғанын хабарлады.

Инстаграмдағы аккаунтында Республика сарайы "сахна механикасының апатты жағдайына байланысты концерт өткізу шұғыл тоқтатылғанын" жазды. Оларға 30 қыркүйекте Алматы қаласының Медеу аудандық төтенше жағдай басқармасының басшылығы осындай ұйғарым берген.

Жөндеу жұмыстары екі аптаға созылады деп айтылады.

Максим Галкиннің концертін ұйымдастыруы тиіс болған Астанадағы "Қазақконцерт" 4-10 қазанда "Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналды кәсіпорны қала аумағының су құбырын жөндейтінін айтты.

Ақпаратқа қарағанда, "Қазақконцерт" Максим Галкинге туындаған жағдай жөнінде хабарлаған.

Галкиннің концерті Астанада – 8 қазанда, Алматыда 9 қазанға жоспарланған еді.

Бұған дейін Максим Галкин бірнеше айдан бері Қазақстанда концерт өткізе алмай жүргенін айтқан. Биыл 30 тамызда Instagram-парақшасында жариялаған видеосында Галкин Алматы мен Астанада жоспарлаған концертіне Қазақстанда "мемлекеттік деңгейде кедергі келтіріп жатқанын" айта келе, "шенеуніктер командама үнемі қарсылық танытады" деген.

Кейін қазақстандық қолданушылар Галкиннің Қазақстанда өнер көрсетуін қолдаған, артынша билеттер қайта сатыла бастаған.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Максим Галкин мен Алла Пугачева балаларымен бірге Ресейден кеткен. Галкин шетелде жүріп, Ресейдің әрекетін қатаң сынаған.

Соғыс басталғалы бері ресейлік әртістердің көбі бұрынғыдай жер-жерде концерт өткізу мүмкіндігінен айырылды. Қазақстанда Ресей әншілерінің концертіне жаппай емес, ішінара тыйым салынады. Мысалы, "танымал Z-әртіс" деген атаққа ие Полина Гагаринаның концерті көпшіліктің талабымен өтпей қалды. Бірақ Киркоровтың Астана мен Алматыдағы концертіне ресми қарсылық болмады.

Әлеуметтік желідегі жаппай наразылыққа байланысты Лариса Долина Қазақстанға келе алмады. Концерт өтетін орынның әкімшілігі әлеуметтік желіде "Қарағанды облысы тұрғындарының негатив реакциясына байланысты ұйымдастырушыға Лариса Долинаның концертін өткізуге орын берілмейді" деп жазды.

Биыл 15 ақпанда Алматыда ресейлік әншілер қатысатын "Жара" фестивалі өтпей қалған. Ұйымдастырушылар елдегі және әлемдегі саяси жағдайға байланысты музыкалық шара кейінге қалатынын хабарлаған. Ресейлік шоу-бизнес өкілдері, ішінде соғысты қолдайтын Григорий Лепс те бар, 2022 жылдың жазынан бері Қазақстанда концерт өткізуге талпынып келеді.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1526
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3304
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5930