Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2866 4 пікір 3 Қазан, 2023 сағат 12:38

Қазақша сөйлемесең, АҚШ-та еліне кіргізбейді!

Журналист Оңғар Қабден өз парақшасына «Елшіліктен шыға сала, Есілге ағып өлуі керек еді …» деген пост жазып әлеуметтік желіде зор сілкініс туғызды.

Мәселенің түпқазығы АҚШ елшілігіне виза сұрап барған қазақтың Ресей тілінде сөйлегеніне қарап: «Неге қазақша сөйлемейсің?» - деп, АҚШ елшілігі Ресей тілінде сөйлеген қазаққа виза бермей қояды.

Бұның ар жағында 7 мың ортақ шекарамыз бар деп, Ресей мемлекет тілінің жалына жабысып, Путиндік режімінің сойлын соғып жүрген қазақ билігіндегілерге ой салып, ортақ шекарасы бар Балтық бойы елдері мен Украинада экономикалық байланыссыз, мәдени аралас-құраластықсыз түтінін түзу ұшырып отырғанын көздеген Батыс елдерінің оң пиғылы жатыр.

Сонымен қазір біздегі елшіліктердің өзге тілде сайрап отырғаны жасырын емес. Олардың өзге тілде сайрауына тек Назарбаев кезіндегі биліктің салғырттығы кінәлі. Егер орыс тілінде қарым-қатынас жасайтын болса, тәубәсіне келтіріп қазақша сөйлететін дәстүрді билік тарапынан қалыптастыратын дәуір туды.

Енді билік АҚШ елшілігінің ымын түсініп, өз ішімізде өзге мемлекетпен орыс тілінің ықпалымен қарым-қатынас жасудан арылса деп тілейік. «Жаңа Қазақстан» барлық саладағы жанданған қазақ тілінен бастау алатынын естен шығармалық!

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592