Жексенбі, 24 Қараша 2024
1484 0 пікір 3 Қазан, 2023 сағат 13:28

Ресей өткен айда Украинаға 503 дрон жіберген

Қыркүйек айында Ресей әскері Украинаға 503 «Шахед» дронымен шабуылдаған. Өткен айда дрондар шабуылы күрт көбейіп, рекордтық көрсеткішке жеткенін Defense Express украин ақпараттық-консалтинг компаниясы есептеп шықты.

Компания мәліметінше, қыркүйекте ресейлік дрондар украин өңірлерін 19 күн атқылаған. Ресей әр шабуылда орта есеппен 26 дроннан ұшырып отырса, қыркүйекте 44 дроннан келген. Украин жағы 396 дронды атып түсіре алған.

Defense Express Ресей «Шахед» дрондарын Ираннан қаншаға сатып алып жатқаны нақты белгісіз екенін, бірақ бір дрон 20- 40 мың доллар тұратынын жазды. Осылайша, Ресей дронның осы түрі үшін ғана 10- 20 млн доллар жұмсап отыр.

Украинаға мұндай шабуылдан сақтану дрон құнынан қымбатқа түседі. «Әрбір "Шахед-136" үшін бір NASAMS зымыраны пайдаланылса, қыркүйектегі шығын 654 млн доллар болады" деп болжайды Defense Express.

АҚШ пен ЕО иран дрондары өндірісіне қарсы санкция салған. 2023 жылғы ақпанда The Wall Street Journal Ресей Иранмен бірге дрон шығаратын зауыт салып жатқанын хабарлады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5574