Жексенбі, 24 Қараша 2024
1315 0 пікір 4 Қазан, 2023 сағат 15:11

Жылыту маусымына дайын емес өңірлер аталды

Еліміздің бірқатар өңірі жылыту маусымына дайындық кестесінен артта қалып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

«Жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Кейбір өңірдің аздап артта қалуы бар. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар нысандарды дайындауға қатысты үлкен жұмыс жүргізуі үшін тіркеп отырмыз. Іс жүзінде министрлік жылыту маусымын бастау кестесін бекітті. Жұмыс басталалар кезде барлық станса дайын болмаса да жылыту маусымын бастау, желілердің жылу параметрлерін қолдау үшін қажетті қазандық жабықтары қамтамасыз етіледі», - деді XV KazEnergy Еуразиялық форумы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның дерегінше, Риддер, Кентау, Қарағанды және Атырау жылыту маусымына дайындық кестесінен сәл артта қалып отыр.

Дегенмен, министрдің сендіруінше, бұл жайт жылыту маусымын бастауға әсер етпейді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572