Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
2000 0 пікір 11 Қазан, 2023 сағат 13:43

Астана Ауғанстанға құтқарушылар жіберді

Сурет әлеуметтік желіден алынды

45 қазақстандық құтқарушы және дәрігер зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ауғанстанға аттанды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқарушылар арасында дәрігер, фельдшерлер де бар.

Бұл құтқарушылардың жартысы биыл Түркияда болған жер сілкінісі кезінде барып, көмек көрсеткендер.

7 қазанда Ауғанстанның Герат провинциясында магнитудасы 6,3 балл жер сілкінісі болды. Зілзаланың ошағы Герат қаласынан 40 шақырым қашықтықта болған.

Соңғы мәлімет бойынша, 2445 адам қаза тапқан. Екі мыңнан астам адам зардап шеккен.

Associated Press агенттігінің жазуынша, зілзаладан алты ауыл қираған. Тәліптер өкілі Сухейл Шахин көптеген адам жоғалып кетті деп мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2730
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4476