Сенбі, 23 Қараша 2024
1627 2 пікір 12 Қазан, 2023 сағат 17:44

Елімізде азық-түлік қымбаттады

Өткен аптада елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,1%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның апталық өсуі соңғы рет 4 ай бұрын –  30 мамыр мен 6 маусым аралығында тіркелді.

Жекелеген өнімдердің ішінде жұмыртқа ең көп қымбаттаған, оның бағасы 1,3%-ға өскен.

Ал көкөністер, атап айтқанда, пияз, сәбіз және картоп арзандаған.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда азық-түлік бір жылда 35% қымбаттағаны хабарланған.

Жуырда еліміздің 13 облысында ұн бағасы шарықтады.

Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512