Жексенбі, 6 Қазан 2024
Жаңалықтар 4187 0 пікір 23 Тамыз, 2013 сағат 06:14

Фазылбек Әбсаттарұлы. Қазақтың наны...

Адамды адам етіп тұрған ас болса, астың атасы нанның қадір қасиеті туралы айтып жеткізу мүмкін емес.  Қаншама ел мен жердің нанын, дәм тұзын жеп жүріп, анық көз жеткізгенім, бірде бір елдің наны Қазақтың нанына татымайтындығы. Нандарды салыстыруға болмайды десек те, шырқырап тұрған шындықты айту керек. Қазақ нанының дәміне де тойымдылығына да сөз жоқ, керемет. (Қалба жотасынан табылған диірмен дәлел болғандай 5 мың жыл бұрыннан бері бидай егіп, ұн жасап, нан пісіріп жүрген қазаққа ешкім нанның қадірі туралы үйрете алмаса керек.)

Дәмді нан жеп қалғандықтан қай елге барсам да нандарына тоймай, нан іздеп кетемін. Қазақтың нанын аңсап, армандап кетемін. Шетелде небір дәмді тағамдар жесем де Қазақстанға аштықтан келген адамдай келемін. Тіпті Қазақстанға келгенде нанды жейін деп аузыма апара бергенде, мұрныма иісі келіп, көзімнен жас ыршып шығып кете жаздайды. Адам ағзасына қажетті қоректің бәрі бар бұл нанның қадір қасиетін ауылда жүріп, барынша қастерлеуді үйренсем де, шетелде жүргендегі қадірі тіпті ерекше білінеді екен. Бұл қазақ топырағының қасиетті екеніне дәлел. Бидай жердің барлық жерінде өседі десек те, әлемнің жартысы Қазақтың нанын жеп отырған көрінеді. Африка, Оңтүстік Азия елдері, Ресей, Түркия, Иран, Қытай, Моңғолия, ТМД елдері, т.б. Ал Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің қазақ ұнын қалай қадірлеп, нан етіп жеп отырғанын, ұсағына дейін қағып алып отырғанын көзбен көріп жүрміз. Жоғарыда аталған елдердің көпшілігі өздеріне жеткілікті бидай да өсіреді. Бірақ қазақтың бидайы мен ұнына деген сұраныстары өте жоғары, ықыластары да ерекше. Себебі құнарлы әрі дәмді. Ал дәмін кіргізіп отырған әрине Қазақтың топырағы. Қазақтың дәм тұзын жеп отырған, аштықтан аман қалып, ажал мен өмір ортасында арашашы болып жүрген, Қазақ нанын жеп отырған халықтар Қазақтың топырағына, халқына қарыздар. «Нан болса, жан болады» деп Қазақтың нанын аңсап жүрген, көзіне жас алып жеп жүрген халықтар қаншама. Бірақ Қазақ нанының қадір қасиетін осы шетелдіктер ғана біліп отыр. Ал біздегі өзге ұлт диаспоралары болса, қазақтың нанына тойып, мастанып кетті. Қазақтың нанын жеп, дастарқанына аяғын сүрте бастады. Кеше ғана емес пе еді қазақтың наны, аш жалаңаш келген диаспораларды аштықтан аман алып қалған. Кеше ғана емес пе еді, қазақтың үйін паналап, өзі аш отырса да қазақтың бөліп берген бір үзім нанын бөлісіп жегені. Кешегі аш жалаңаш жүрген кезін неге тез ұмытты, олар? Әлде міндетті түрде бәрін шетел асырып жіберу керек пе, қазақ нанының, топырағының қадір қасиетін біліп келуі үшін, кешегі күнін естеріне түсіріп келуі үшін. Кешегісін, өткенін тез ұмытатындар тексіздер ғана. Тексіз болмаңдар, отандас бауырларым.

Abai.kz

0 пікір