Сенбі, 23 Қараша 2024
Бетбұрыс 2210 3 пікір 17 Қазан, 2023 сағат 16:04

Қазақ тілін меңгеру: Кімдер емтихан тапсырады?

Кеше, яғни қазан айының 16-сы күні, Астанада Стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңес өтті.

Кеңесте ҚР Ұлттық стандарттарының жобалары қаралды, оның ішінде Деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері жөніндегі жобалар мақұлданды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі ресми хабарлады.

Отырысқа ҚР Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Жарылқасынұлы, сондай-ақ ҚР Ұлттық тестілеу орталығының өкілі Ерсұлтанова Гүлнұр Серікбайқызы қатысты.

Стандарттың негізгі мақсаты – қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу, содан кейін ҚР Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді өткізіп, тиісті сертификаттар береді.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңның қабылдануымен байланысты жоғарыда аталған әзірленген стандарттар өте қажет, өйткені олар жұмысты нақты регламенттер мен талаптарға сәйкес келтіреді», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.

Міндетті тестілеуден магистратура мен докторантураға түсетін студенттер, мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер,  «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер талапкерлер, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына түсуге үміткер студенттер, «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқытушылары өтеді.

Айта кетейік, аталмыш жобаны ҚазСтандарт әзірлеген, ал ол 2024-жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданылуы мүмкін.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485