Жұма, 18 Қыркүйек 2026
2746 0 пікір 25 Қазан, 2023 сағат 14:39

Белсенді Мұсабаев екінші рет қамауға алынды

Астанада бір күн бұрын ғана 15 тәулік әкімшілік жаза өтеп шыққан белсенді Марат Мұсабаев тағы да қамауға алынды. 

Мұсабаевтың қайта қамалуына 7 қазанда қамаудағы белсенді Марат Жыланбаевты қолдап, шағын марафонға қатысуы түрткі болған. Бұл жөнінде «БелсенділерЭкстремистЕмес» құқық қорғаушылар тобы жазды.

Сот қаулысына қарағанда, Мұсабаевты «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыптаған. Белсендінің өзі сотта тағылған айыппен келіспейтінін, шағын марафон митингіге жатпайтынын мәлімдеген.

Азаматтық белсенді Марат Мұсабаев 10 қазанда Астанада жалғыз өзі пикет өткізіп, адамдарды Марат Жыланбаевтың сотына келуге шақырған. Ертесіне әкімшілік сот оны «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыптап, 15 тәулікке қамау жөнінде шешім қабылдаған.

Қазақстанның алты қаласында 25 қазанға белгіленген наразылық митингі қарсаңында кем дегенде жиырма шақты белсенді ұсталып, бес күннен жиырма күнге дейін қамауға алынды. Олардың көбісіне «заңсыз митингіге қатысты» деген айып тағылды.

Белсенділер 25 қазанда бейбіт жиын өткізу туралы өтініштерін әкімшіліктерге өткізген, бірақ жергілікті биліктен қолдау таппаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1310
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2875
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 967
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902