Жұма, 22 Қараша 2024
1142 0 пікір 1 Қараша, 2023 сағат 15:46

Мирзиёев Газа тұрғындарына 1,5 млн доллар көмек береді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Газа секторы тұрғындарына көмек ретінде 1 миллион 500 мың доллар көмек беретінін хабарлады. Бұл туралы ол 31 қазанда су энергетикасы жобаларына арналған жиналыста айтты.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаражат БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы агенттігіне аударылады.

Мирзиёевтің мәлімдеуінше, Өзбекстан «Палестина халқын және оның тәуелсіз мемлекет құру құқығын қолдайды».

Бұған қоса, өзбек президенті жанжалдасушы екі тараптан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, өзбек жастарын «түрлі жалған насихатқа еріп, заңсыз әрекетке бармауға» шақырды.

Мирзиёев 7 қазанда Таяу Шығыста өршіген жанжалға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасап отыр.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300