Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2409 0 пікір 1 Қараша, 2023 сағат 15:56

Түркі мемлекеттері ұйымы ортақ кеден дәлізін құрмақ

Парламент Мәжілісі «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметі арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылайды.

«Аталған заң жобасы Мәжіліске Үкіметтің қаулысымен 2023 жылы 9 қазанда енгізілді. Құжат Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялауға бағытталған. Бұл келесімде тараптар арасындағы кедендік бақылауды жүргізу мерзімін қысқарту, тауарлар мен көліктерге қатысты ақпарат алмасуды дамыту, кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету және сыртқы экономикалық қызметке қатысатындар үшін қолайлы жағдай жасау жоспарланған. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжіліс депутаты Мәди Такиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1348
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2924
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1001
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 934