Бәсекеге қабілетті 50 елдің бірі – Қазақстан
Дүниежүзілік экономикалық форумның әлемдік бәсекеге қабілетті елдер жөніндегі есебінде Қазақстан 50-ші орынға көтерілді. Еліміздің бәсекеге қабілетті әлеуетін былтыр аталған ұйым 51-ші орынмен бағалаған еді. Биыл бір сатыға көтеріліппіз. Сөйтіп Бразилияны, Ресейді, Португалияны артқа тастап, дамыған мемлекеттердің қатарына қадам басқанға ұқсаймыз. Осыдан үш-төрт жыл бұрын Елбасымыз «Қазақстан дамыған 50 елдің қатарында болады» деген, ал, «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиялық бағдарламасында ХХІ ғасырдың ортасын ала Қазақстан дамыған 30 елдің ортасынан табылады дегенді сенімді түрде айтты.
Қазір елімізде кен-қазба жұмыстары, шикізат өндіру ісі қарқынды жүріп жатыр. АҚШ-тың, Қытайдың, Еуорпа елдерінің мұнай өндіруші компаниялары бар, өзгеде ірі компаниялар бар Қазақстанның атын әлемге әйгілеп-ақ тұр. Алайда, елімізде денсаулықсақтау саласы мен бастапқы білім беру ісінде кемшін тұстар жетерлік көрінеді. Осыны есепке алған Дүниежүзілік экономикалық форум денсаулықсақтау мен бастапқы білім беру саласындағы бәсекеде Қазақстан 97 орында деп белгілепті. Сондай-ақ кәсіпкерлік пен инновация бойынша да біз 94-ші және 84-ші орынды иеленіппіз.

Бәсекеге қабілетті мемлекеттер көшін Швейцария (1 орын), Сингапур (2 орын), Финландия (3 орын) бастап келеді. Аталған үштіктен кейінгі орындар Германия мен АҚШ-қа, Швецияға, Гонконгке, Нидерланды еліне, Жапонияға, Ұлыбританияға бұйырыпты.
Abai.kz