Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3086 0 пікір 5 Қыркүйек, 2013 сағат 07:20

Шетелдерде тұратын отандастарға арналған байқау

Шет елдерде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалінің (бұдан әрі - Фестиваль) аясында өтетін «Көк тудың желбірегені» атты жыр мүшәйрасының

ЕРЕЖЕСІ

         Өтетін орны:  Алматы қаласы.

Күні:          3 қазан 2013 жыл.

Уақыты: 11.00.

Қазақстан Республикасы  Мәдениет  және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен, Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының  ұйымдастыруымен «Көк тудың желбірегені!»атты жыр мүшәйрасы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты

  • Көне күндердің өшпес рухын таңбалап, ғасырлар шегінен көктей өтіп, біздің заманымызға жеткен, халқына қадірі арта түсетін ақындық өнерді насихаттау.
  • Шетелдегі  қазақ  ақындарын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық отаншылдық сезімін ұштап, Атажұртына деген махаббатын арттыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, әсіресе, жас дарындарды анықтау. 
  • Ғасырлар бойы бабалар арманымен, ерлік істерімен қол жеткізілген Тәуелсіздігімізді ту етіп жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
  • Еліміздегі  дәстүрлі өнерді кеңінен насихаттап, оның қыр-сырын халыққа сазды әуен, нақыл сөз арқылы жырмен жеткізген қазақ халқының төл өнерін, ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастықпен жалғастыру.

Байқаудың талаптары

Байқау екі кезеңнен тұрады

  • 1 кезең  Көк тудың желбірегені! (атамекен, ел мен жер, елдік, патриоттық мәселелерді жырлауды өзек етуі қажет)                    (5-7 минут); - міндетті

  • 2 кезең  Шетелдегі қандастар тағдыры мен көші-қон туралы(5-7 минут) - міндетті.                        

Байқаудың шарттары

  • Байқауға  шет елдердегі отандастарымыз, әр мемлекеттен  екі  ақын қатыса алады;
  • Байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмайды;
  • Байқауға қатысушылар өздерінің байқаудың ережесіне сәйкес өлеңдер оқиды;
  • Қазылар алқасы белгіленген Бас жүлдені бермеуіне немесе екі үміткерге бөліп беруге құқылы;
  • Байқау жабық түрде бағаланады.

Мүшайра сайысына 35 жасқа дейінгі шетелде тұратын немесе елімізден тыс аймақтарда туып өскен, қазір атажұртқа оралған жас қазақ ақындары қатыса алады.

Жыр сайысын қорытындылап, жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы         5 білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы өлеңнің мазмұнына  және оның көрерменге шеберлікпен жеткізілуін басты назарда ұстайды:

  • Ақынның жеке шығармашылық мүмкіндігін байқатуы, сөздік қорының молдығы;
  • Шығарманың тақырыпқа сай болуын;
  • Өлеңнің жеткізілуін, сахна мәдениетінің деңгейін көрсетуін.

Байқауға қатысушылар 2013 жылғы қазан айының  2-жұлдызында Алматы қаласына келіп, тіркелуі қажет.

 Байқаудың екі кезеңінен өткен және жүлделі орындарға ие болған қатысуышылар байқаудың Гала концертіне қатысады.

Әр мемлекеттен 1 қатысушыға жұмсалатын іссапар шығыны ұйымдастырушылар жағынан өтеледі.  

Жеңімпаздарды марапаттау

«Бас жүлде» - біреу -150 000 (жүз елу мың теңге)

І орын – біреу – 100 000 (жүз мың теңге)

ІІ орын – біреу-  80 000 (сексен мың теңге)

ІІІ орын – біреу – 50 000 (елу мың)

Өтініштер 2013 жылдың қыркүйек  айының 15-жұлдызына                            дейін қабылданады

Төлқұжатының көшірмесі;

Шығармашылық өмірбаяны;

10-15 көлемдегі 1 түрлі-түсті фотосурет;

Екі кезеңде орындайтын шығармалардың тізімі.

  Мекен жайымыз:

Астана қаласы, Абай даңғылы 47.

«Ramada Plaza» қонақ үйі,  703                                                                      Телефон - факс:  8 (7172) 39-07-20.

Ұялы телефон: +7 702 666 44 00, +7 702 377 55 77

Эл.пошта; kazfestival@gmail.com

Шет елдерде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалінің (бұдан әрі - Фестиваль)  аясында өтетін жыршы-термешілер  байқауының 

ЕРЕЖЕСІ

         Өтетін орны:  Алматы қаласы.

Күні:          3 қазан 2013 жыл.

Уақыты: 11.00.

Қазақстан Республикасы  Мәдениет  және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының  ұйымдастыруымен жыршы-жырау, термешілер байқауы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты

  • Көне күндердің өшпес рухын таңбалап, ғасырлар шегінен көктей өтіп, біздің заманымызға жеткен, халқына қадірі арта түсетін асыл жырлар мен термелерді насихаттау.
  • Шетелдегі  қазақ  жыршы-термешілерін байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық отаншылдық сезімін ұштап, Атажұртына деген махаббатын арттыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған жыршы-термешілерді, әсіресе, жас дарындарды анықтау. 
  • Ғасырлар бойы бабалар арманымен, ерлік істерімен қол жеткізілген Тәуелсіздігімізді ту етіп жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
  • Еліміздегі  дәстүрлі өнерді кеңінен насихаттап, оның қыр-сырын халыққа сазды әуен, нақыл сөз арқылы жырмен жеткізген қазақ халқының төл өнерін, ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастықпен жалғастыру.

Байқаудың талаптары

Байқау екі кезеңнен тұрады

  • 1 кезең  Жыр бастауы (өзін - өзі таныстыруы) және елдікке шақыратын, бірлікке бастайтын елжандылық бағыттағы жыр-термелерден бір шығарманы орындау (8-10 минут);

  • 2 кезең Жыр-термелерден еркін тақырыпта бір шығарма орындау (5-7 минут).                        

Байқаудың шарттары

  • Байқауға  шет елдердегі отандастарымыз, әр мемлекеттен  екі  жыршы немесе термеші қатыса алады;
  • Байқауға 35 жасқа дейінгі шетелде тұратын немесе елімізден тыс аймақтарда туып өскен, қазір атажұртқа оралған жас жыршы-термешілер қатыса алады.;
  • Қазылар алқасы белгіленген Бас жүлдені бермеуіне немесе екі үміткерге бөліп беруге құқылы;
  • Байқау жабық түрде бағаланады.

Жыр сайысын қорытындылап, жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы         5 білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы жыршы- термешілердің мынадай орындаушылық шеберліктерін басты назарда ұстайды:

  • Орындаушының жеке шығармашылық мүмкіндігін байқатуы;
  • Шығарманы орындау барысында әуенді түрлі мақам-саздарды қолдануы;
  • Орындаушының жыр қорының молдығын, сахна мәдениетінің деңгейін көрсету.

Байқауға қатысушылар 2013 жылғы қазан айының 2-жұлдызында Алматы қаласына келіп, тіркелуі қажет.

 Байқаудың екі кезеңінен өткен және жүлделі орындарға ие болған қатысуышылары байқаудың Гала концертіне қатысады.

Әр мемлекеттен 1 қатысушыға жұмсалатын іссапар шығыны ұйымдастырушылар жағынан өтеледі.  

Жеңімпаздарды марапаттау

«Бас жүлде» - біреу -150 000 (жүз елу мың теңге)

І орын – біреу – 100 000 (жүз мың теңге)

ІІ орын – біреу-  80 000 (сексен мың теңге)

ІІІ орын – біреу – 50 000 (елу мың)

Өтініштер 2013 жылдың қыркүйек  айының 15 жұлдызына                            дейін қабылданады

Төлқұжатының көшірмесі;

Шығармашылық өмірбаяны;

10-15 көлемдегі 1 түрлі-түсті фотосурет;

Екі кезеңде орындайтын шығармалардың тізімі.

  Мекен жайымыз:

Астана қаласы, Абай даңғылы 47.

«Ramada Plaza» қонақ үйі,  703                                                                      Телефон - факс:  8 (7172) 39-07-20.

Ұялы телефон: +7 702 666 44 00, +7 702 377 55 77

Эл.пошта; kazfestival@gmail.com

Шет елдерде тұратын отандастарымыздың халықаралық фестивалінің аясында өтетін «Көк тудың желбірегені» атты сурет көрмесінің 

ЕРЕЖЕСІ

         Өтетін орны:  Алматы қаласы.

Күні:          3 қазан 2013 жыл.

Уақыты: 10.00.

Қазақстан Республикасы  Мәдениет  және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының  ұйымдастыруымен сурет көрмесі өткізіледі.

Байқаудың мақсаты

  • Шетелдегі  талантты қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.
  • Бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыздың еңбектерін көпшілікке таныту. 

Байқаудың талаптары

Байқау екі кезеңнен тұрады

  • 1 кезең  Кескіндемешығарма көлемі 100*150 см.-ден кем немесе аспауы тиіс (Материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз).
  • 2 кезең Графикалық шығарма көлемі 10*90 см. (Материалдары: офорт, линогравюра, литография, т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.
  • Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 5-7-ден аспауы керек. 

Байқаудың шарттары

  • Байқауға  шет елдердегі отандастарымыз, әр мемлекеттен  екі  суретші қатыса алады;
  • Байқауға  35 жасқа дейінгі қатысушылар жіберіледі;
  • Қазылар алқасы белгіленген Бас жүлдені бермеуіне немесе екі үміткерге бөліп беруге құқылы;
  • Байқау жабық түрде бағаланады.

Көрмені қорытындылап, жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы   5 білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы бекітіледі.

Байқауға қатысушылар 2013 жылғы қазан айының 2- жұлдызында Алматы қаласына келіп, тіркелуі қажет.

Әр мемлекеттен 1 қатысушыға жұмсалатын іссапар шығыны ұйымдастырушылар жағынан өтеледі.  

Жеңімпаздарды марапаттау

«Бас жүлде» - біреу -150 000 (жүз елу мың теңге)

І орын – біреу – 100 000 (жүз мың теңге)

ІІ орын – біреу-  80 000 (сексен мың теңге)

ІІІ орын – біреу – 50 000 (елу мың)

Өтініштер 2013 жылдың қыркүйек  айының 15 жұлдызына                            дейін қабылданады

Төлқұжатының көшірмесі;

Шығармашылық өмірбаяны;

10-15 көлемдегі 1 түрлі-түсті фотосурет;

  Мекен жайымыз:

Астана қаласы, Абай даңғылы 47.

«Ramada Plaza» қонақ үйі,  703                                                                      Телефон - факс:  8 (7172) 39-07-20.

Ұялы телефон: +7 702 666 44 00, +7 702 377 55 77

Эл.пошта: kazfestival@gmail.com

0 пікір