Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2719 0 пікір 6 Қыркүйек, 2013 сағат 05:36

Қаржылық орталықтандыру

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының орталықтандырылған қазынашылық жүйесі өз тиімділігін дәлелдеуде. Тек осы жылдың басынан бері депозиттерге орналастырылған қаржы көлемі өсіп, ағымдық шоттардағы ақша үлесі азайды.

Жүйенің жылдық әсері 15 млрд теңгені құрап отыр.

Қор, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ бойынша қазынашылық операцияларды басқарудың тұтас үлгісі 2012 жылы пилоттық тәртіпте енгізілді. Жобаның тиімділігін ескере отырып, бұл үлгіні 2013 жылдың аяғында – 2014 жылдың басында «Самұрық-Қазына» АҚ барлық еншілес компанияларында енгізу көзделуде. 

«Қазынашылық операцияларды басқарудың тұтас үлгісін пилоттық енгізудің нәтижесі айқын аңғарылуда. Бір жылда біз 5 компания бойынша байқап көрдік. Қаржы 15 млрд теңгеге, долларда санағанда 100 миллионға жуық үнемделді. Енді біз өнеркәсіптік желіге көшіп, барлық компанияны тартқымыз келеді. Еншілес және тәуелді ұйымдардың міндеті – Қор беретін дайын жүйені енгізу. Бұл тек ақшаны ғана үнемдемей, әр күн сайын қаржының алапат ағымын таразылап отыруға, оның тиімді пайдаланылуын талап етуге мүмкіндік бермек», - дейді «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев.  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019