Қазақ мектебіндегі балалардың 64% -ы өз тілін түсінбейді
Қазақ мектебіндегі оқушылардың 64%-ы өз тілінде, яғни, қазақ тілінде оқитын балалар, қазақ тілінде оқыған мәтінін түсінбейді, оқыған дүниесінің негізінде ой қорытып, не ауызша, не жазбаша жеткізе алмайды. Бұл – өте қауіпті құбылыс.
Сондықтан бізге дәл қазір өзге тілде сөйлейтін ортаны қазақ тіліне тартудан да маңыздысы – қазақ тілінде сөйлейтін ортаның сөйлеу және жазу мәдениетінің сапасын көтеру. Кез-келген ілгері ұлт, әсіресе интелектуалдық тұрғыдан жоғары тұрған ұлттар өз тілінде көп жазады. Мағына мен мазмұн құрастырады. Кез-келген мықты ұлт ең әуелі шығармашылық пен ғылымдағы ана тілінің қолданысын ілгерілететін ортаның әлеуетімен күшті.
Бізді мазалайтыны және ойландыратыны – қазіргі қазақ қоғамында өз тілінде шығармашылықпен, ғылыммен айналысатын, әдемі, еркін және сауатты сөйлейтін ортаның барған сайын тарылып бара жатқандығы.
Рауан Кенжеханұлы
Abai.kz