Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2748 0 пікір 9 Қыркүйек, 2013 сағат 09:18

Дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды

Ертең елордада басталатын дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумының басты тақырыбы Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елі қатарына енуі болмақ. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, халықаралық жиынға АҚШ, Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка және ТМД елдерінен 200-ден астам сарапшы қатысатын болады. Қатысушылар қатарында іс басындағы және экс-саяси қайраткерлер, беделді халықаралық эксперттер, бизнес қоғамдастық өкілдері, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, БҰҰ Даму бағдарламасы, Еуропалық комиссия, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Жапония ынтымақтастық жөніндегі халықаралық агенттігі сынды халықаралық ұйымдардың басшылары бар.

«Біз ағымдағы жүзжылдықтың бірінші жартысындағы жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру тұрғысында Қазақстанның ұзақмерзімді даму әлеуеті мен болашағы турасында ауқымды пікірталас болады деп күтеміз», - деді Е.Орынбаев.

ҚР Премьер-Министрі орынбасарының сөзіне қарағанда, эксперттер ҚР Үкіметі әзірлеген Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі жобасы мен тұжырымдасын талқыға салатын болады.

«Сонымен қатар форум аясында өңірдегі экономикалық ынтымақтастық, өңірлік сауданы дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланады», - деді ол.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354