Жұма, 16 Мамыр 2025
1485 0 пікір 9 Қараша, 2023 сағат 16:47

Ресей Қазақстанға 3 ЖЭО салып бермек

Ресей тарапының қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады. Бұл туралы Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Екіжақты қарым-қатынасты одан ары дамыту бағыттарын талқылау мақсатында осы жылдың 31 қазанында үкіметаралық комиссия отырысын өткіздік. Бірқатар мәселе қарастырылды. Мәселен, Ресейден ағаш материалдарын жеткізу. Жылдың соңына дейін елімізге кесілген ағаштарды жеткізу үшін Қазақстан-Ресей шекарасында қосымша темір жол өткізу пункттерін ашу мәмелесі пысықталады», - деді ол.

Сонымен қатар, вице-премьер Қазақстанның темір кені шикізатының ай сайын тасымалдануын қамтамасыз ету мүмкіндігі де қарастырылатындығын айтты.

«Ресей тарапы Қазақстанда 3 жыл электр орталығы жобасын жүзеге асыруға қатысады. Тиісті құжатқа бүгін қол қоямыз. Елдер арасындағы әуе байланысын да кеңейтеміз. Атап айтқанда, Новосібір мен Челябіге QAZAQ AIR әуе рейстерінің санын арттыруды келісеміз», - деді Серік Жұманғарин.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2665
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4342