Сенбі, 23 Қараша 2024
1813 4 пікір 24 Қараша, 2023 сағат 16:34

2024 жылы Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысы басталады

Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолы құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы 23 қарашада Жогорку Кеңештің отырысында айтып, қазір қаржы мәселесі шешіліп жатқанын жеткізді.

"Біз қазір қаржы іздеп жатырмыз. Қамбар ата – 1 ГЭС-ін салуға 500 миллион доллар таптық. Қытай темір жолды Казарманға дейін өзіміз саламыз деп жатыр. Казарманнан Жалалабадқа дейінгі жолды салу үшін Өзбекстанмен қаржы көзін іздеп жатырмыз", - деді Жапаров.

Темір жол жобасы Қырғызстан үшін маңызды екенін президент Садыр Жапаров Жапонияға ресми сапары кезінде айтқан. Ол бұл теңізге шығуға мүмкіндік береді деген.

Биыл мамыр айында президент Жапаров Сиань қаласында "Орталық Азия – Қытай" саммитінде темір жол салуды сөз еткен. Оны жүзеге асыру аймақты транспорт тұңғиығынан алып шығып, 4 млрд жуық адамды біріктіріп, Азиядан Түркия арқылы Еуропаға, Таяу Шығысқа, Иран аймақтарына, Парсы шығанағындағы елдерге және Солтүстік Африкаға жүк тасу географиясын кеңейтетінін білдірген.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында былтыр қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан темір жолы жобасы бойынша әріптесуге қол қойылған. Оған сәйкес, темір жол Қырғызстан аймаңынан "Торугарт – Арпа – Макмал – Жалалабад" арқылы өтуі тиіс. Бұл жолдың жалпы ұзындығы 280 шақырымды құрайды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364