Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
1399 0 пікір 27 Қараша, 2023 сағат 14:01

Зеленский өзбек компанияларына санкция салатын құжатқа қол қойды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен басқа да елдердің тағы 147 азаматына санкция салуды көздейтін екі жарлыққа қол қойды.

Құжат Ресей, Кипр, Швейцария, Ұлыбритания, Өзбекстан және Беларусь азаматтарына қарсы 10 жылдық санкция салады.

Өзбекстаннан бұл тізімге «Аккерманн Цемент» (Ахангаран), «Ахангаранцемент» компаниялары, сонымен бірге Наргиз Нарзиева мен Шахрух Носирхожаев енген.

Құжатта бұл азаматтар мен компаниялардың нақты қай заңды бұзғаны туралы мәлімет жоқ.

Украина сыртқы істер министрлігі Еуроодақ, АҚШ және басқа да елдердің құзырлы органдарын осындай санкция енгізілгенін хабардар етеді.

Санкция тізіміне авация, құрылыс және технология салаларында істейтін компаниялар енген. Олар Ресей, Кипр, БАӘ және Қытайда тіркелген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1521
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5912