Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
1235 0 пікір 27 Қараша, 2023 сағат 14:06

Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізілді

Гуманитарлық жүк тиелген 61 жүк көлігі Газа секторының солтүстігіне жетті. Бұл 7 қазаннан бергі Газа секторына келген ең ірі көмек.

Газаға су, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді. Кейінгі күндері қызу ұрыс жүрген "Әл-Шипа" ауруханасына 11 жедел жәрдем көлігі, үш автобус және эвакуацияға керек арнайы жүк платформалары берілді.

Гуманитарлық жүк тиелген 200 жүк көлігі Израильдің Ницана елді мекеніне жөнелтілген. Олардың басым бөлігі 25 қарашада кешке сол жаққа жеткен.

Бұған қоса, секторға 129 литр отын әкелінген.

24 қарашадан бері Газа секторында төрт күндік атысты тоқтату режимі күшіне енген. Осы уақыт аралығында ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым танылған ХАМАС Израильге 7 қазанда кепілге алынған 50 әйел мен балаларды тапсыруы тиіс. Израиль де түрмеден 150 әйел мен жасөспірімді босатуы керек.

24 және 25 қарашада ХАМАС 26 израильдік пен 15 шетел азаматын (басым бөлігі Таиланд азаматтары) босатқан.

Тұтқын және кепілге алынған адамдарды алмасу 26 қарашада да жалғасады.

ХАМАС-тың Израильге шабуылы кезінде шамамен 240 адам кепілге алынған. Олардың бір бөлігі Газа секторында атысты тоқтату режимі кезінде босатылады. Израиль әскері мен ХАМАС арасында арағайындық жасаушы елдер атысты тоқтату режимін ұзаққа созуға тырысып жатқанын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1521
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5912