Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2417 3 пікір 27 Қараша, 2023 сағат 15:42

Ғылым және жоғары білім вице-министрі ауысты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.

2004-2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бөлімінде бас маман.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2011-2018 жылдары – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, төраға кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары.

2018-2019 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2020 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 949
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2439
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 651
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 634