Жұма, 29 Қараша 2024
1772 1 пікір 29 Қараша, 2023 сағат 15:37

Ясауи кесенесіне арнайы күзет қойылады

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді. Бұл жайында облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

«Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ясауи кесенесін әлдебіреулер жарып жібермекші болғаны туралы ресми хабар таратқан еді. Содан бері нысанның қауіпсіздігін жетілдірдіңіздер ме? Кесенеге қауіп төнгенін облыстың қауіпсіздік органдары білмей қалған ба? Кесенені жару кімге, не үшін керек болды деп ойлайсыз? Қазір ол нысанға ондай қауіп төніп тұрмағанына қандай да бір кепілдік бере аласыз ба?» – деп сұрады БАҚ өкілі.

Әкімнің сөзінше, кесененің қауіпсіздігі қазір Үкімет деңгейінде талқыланып жатыр.

«Кепілдікті ешқашан, ешкім бере алмайды. Кім, не ойлап жүргенін ешкім білмейді ғой?! Ондай оқиға ақпан айында болды. Оны өзім де БАҚ арқылы білдім. Тәжікстанның ба, басқа елдің азаматы сондай іс-қимыл жасағысы келген деп естідім. Енді олар басқа ағымдағы азаматтар шығар. Оның көзқарасын, неге ондай шешімге келгенін білмеймін. Кейбіреулер «серік қосу, тағы басқа нәрселер» дейді. Оның не үшін барғанын айта алмаймын», – деді аймақ басшысы.

Дархан Сатыбалды кесене қауіпсіздігі бойынша Үкіметке хат жазғанын да айтты. Тарихи орын стратегиялық нысандар тізіміне енгеннен кейін, оның қауіпсіздік шаралары арнайы күзет қызметі арқылы іске асырылады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1600
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3417
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6749