Жұма, 11 Қыркүйек 2026
2510 0 пікір 1 Желтоқсан, 2023 сағат 16:45

Президент Тоқаев Дубайға барды

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Дубайда БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне арналған 28- конференциясы басталды. Алғашқы күні қатысушы елдер табиғи апаттың салдарын жоюды қаржыландыру механизмін талқылады.

Арнайы құрылған қор климаттың өзгеруінен зардап шегіп жатқан кедей елдерге көмек көрсетуге арналған. Ғаламдық жылынуға жауапкершілігі бар дамыған елдер қорды қаржыландыруға "шақырылады". Бірақ бұл жарғылар ерікті болады. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, БАӘ қорға миллион доллардан құюға уәде берді.

2030 жылға қарай қорға жүз млрд доллар бөліну жоспарда бар.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жер астынан алынатын энергетикалық отынды пайдаланудан толық бас тартуға шақырды. Оның пікірінше, әлемде қазіргі технологияны қолданып, 1,5°C [Адамзат үшін температураның көтерілуінің қауіпті межесі] сақтап ғана қоймай, дамуға, гүлденуге де мүмкіндік бар.

"Әзірге жетіспейтіні саяси ерік-жігер", - деді Гутерриш.

Конференция өтіп жатқан Біріккен Араб әмірлігі әлемде мұнай шығаратын ең ірі елдердің бірі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1071
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2625
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 746
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 713