Жексенбі, 24 Қараша 2024
1478 0 пікір 2 Желтоқсан, 2023 сағат 14:40

«JOLTAP» жобасы: Астана жұмыссыздықпен күрестің жолын тапты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі жұмыссыздықты жою мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Аталған мақсатта Астана қаласының әкімдігі «JOLTAP» әлеуметтік жобасын қолға алып, елорда тұрғындарына аз уақыт ішінде цифрлық және еңбек мамандықтарын тегін меңгеру мүмкіндігін ашты.

Онда аталған жобаның алғашқы нәтижелері жарияланды. «JOLTAP» жобасы аясында 168 астаналық студент оқуын аяқтап, таргетолог, SMM маманы, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер (веб-сайт әзірлеу) сияқты цифрлық дағдылар бойынша сертификаттарға ие болды.

«Арнайы тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткен түлектер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Бұл жобаға жастар арасында да, орта буын өкілдерінде де қызығушылық бар», - дейді Астана әкімдігі.

Цифрлық дағдылар бойынша қысқа мерзімді курстарды бітіріп, білім алған азаматтардың 63 пайызының жұмыс тәжірибесі болмаған. Ал 11 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар.

«Түлектердің жартысына жуығы ресми түрде жұмысқа орналасуды немесе онлайн тапсырыстарды қабылдауды жоспарлап отыр», - делінген ресми хабарламада.

«Фриланс Мүмкіндік» қысқа мерзімді оқу бағдарламасы тек Астана қаласының 18 бен 50 жас аралығындағы тұрғындарына ғана қолжетімді. Оны тіркеу «Баршаға мүмкіндік» модулінің тармақтарында жүзеге асырылады.

«JOLTAP» жобасының өкілі Ерасыл Жанболатұлының айтуынша, «JOLTAP» әлеуметтік жобасы мемлекеттік қолдау шаралары, арнайы әлеуметтік көмек, бизнес ашуға өтініш беру, оқыту және жұмыс іздеу мәселелері бойынша тегін кеңестер беруге мүмкіндік береді.

«Бұл жоба қала әкімдігінің бастамасымен және «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бақытымызға орай, ол барлығына қол жетімді. Кез келген адам қатыса алады. Жобаға қатысу тегін. Жобаның мақсаты: «JOLTAP» жобасы азаматтардың табысын арттыруға жағдай жасау», - дейді Ерасыл Ділдайым.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572