Жексенбі, 24 Қараша 2024
1220 0 пікір 4 Желтоқсан, 2023 сағат 12:06

Газа Секторының 75% тұрғыны босып кеткен

Израиль Қорғаныс әскері Газа Секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис және Рафах аудандарында, сонымен қатар солтүстіктегі бірқатар ауданда ХАМАС әскеріне қарсы әуе және құрлық арқылы шабуылын жалғастырды, деп хабарлайды Euronews.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі тәулікте кемінде 700 адам, ал шиеленіс басталғалы 15 500-ден астам адам қаза тауып, 40 мыңнан аса тұрғын жарақат алған. Бұл деректер әзірге тәуелсіз тексерістен өткен жоқ.

ХАМАС қозғалысының әскері, «Ислам жиһады» мен «Хезболлах» Израиль аумағына зымырандармен шабуыл жасап жатыр. Израильдің солтүстігінде 11 адам жарақат алды, оның 8-і – әскери қызметкер.

БҰҰ бағалауынша, Газа Секторының 75% тұрғыны үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Жексенбі күні ЦАХАЛ Хан-Юнис пен қала маңында эвакуацияға жататын аймақты кеңейтті. Бірқатар БАҚ Израиль әскері құрлық операциясын бастағанын хабарлады.

Израиль қорғаныс әскері Газа секторындағы операция басталғалы ХАМАС әскерінің 800-ден астам жерасты туннелі анықталып, жартысынан көбі жойылғанын айтты.

Қатар үкіметі жексенбі күні уақытша бітімге келу және толықтай оқ жаудыруды тоқтату үшін бітімгер болуды жалғастыратынын мәлім етті.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566