Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3675 0 пікір 1 Қазан, 2013 сағат 04:45

Шаяхмет Қалиұлы. Тексізге билік тисе, жемеңгер болады

«Abai.kz» ақпараттық порталында еліміздің іші-сыртындағы елім -жұртым, ұлы Отаным деген от ауызды, орақ тілді қазақтың талай-тағдырына, өткен-кеткеніне, кешегісі мен бүгініне бейжай қарай алмайтын озық ойлы от жүректі отаншыл азаматтардың, түрлі тақырып, алуан мазмұндағы шығармалары еш алаланбай бүкбесіз беріліп келеді. Бұл –   порталдың оқырманын көбейтіп, абыройын асқақтатпаса, ешқашан кемітпейтін игілікті шаруа. Осы арада сайтқа өз ризалығымды білдіре келіп, алда ұстанған  бағытынан айнымай тек алға қарай қарқынды  қадам, аршынды адым тастай беруін тілей отырып, пікір додаға түсетін ағайындардың,  кез-келген мәселеге сабырлы мінез, салмақты ой, ғылыми таным, теңдетсіз тектілік, шымырланған шындық майданында тұрып ой өрбітсе екен деп өтінер едім. Сонымен қатар төмендегі ой толғамдарымды бере кетуді жөн көремін.

Мұхит толқыса, жерді жұтады,

Халық толқыса, ханды құртады.

                ***

Кісі киімсіз сәнді болмайды,

Сөз түйінсіз мәнді болмайды.

               ***

Адалдық- достықтың ұйтқысы,

Арамдық- қастықтың итқұсы.

Тентектен текті туса, тегінде бар,

Тектіден тентек туса, елінде бар.

             ***

Тектіге билік тисе, кемеңгер болады,

Тексізге билік тисе, жемеңгер болады.

             ***

Ақыл жаспен өлшенбейді,

Ми баспен өлшенбейді.

            ***

Ақыл - ардың көзі,

Ар - ұяттың тезі.

           ***

Асың аз болса, азасың,

Ақылың аз болса, тозасың.

            ***

Бар заттың тегі болады,

Бәр істің шегі болады.

            ***

Опасызда қайыр жоқ,

Қатігезде мейір жоқ.

           ***

Еркек сертімен қымбатты,

Әйел көркімен қымбатты.

          ***

Адалдық адамды айбынды етеді,

Арамдық өз түбіне жетеді.

                                                             ...CӨЙЛЕЙДІ

Шешен көсіліп,

Есірік есіріп сөйлейді.

Қырағы бағып,

Қыршаңқы шағып сөйлейді.

Ақылды баппен,

Ғалым хатпен сөйлейді.

Шыншыл шырқырап,

Жылпос жылтырап сөйлейді.

Кербез кергіп,

Бойкүйез ерігіп сөлейді.

Бай тебініп ,

Кедей емініп сөйлейді.

Ақ көңіл ашылып,

Ақын ашынып сөйлейді.

Қытымыр қағып,

Қыңыр лағып сөйлейді.

Мылжың кешігіп,

Миғұла  кеш ұғып сөйлейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270