Жұма, 18 Қыркүйек 2026
2382 0 пікір 8 Желтоқсан, 2023 сағат 10:53

Армения мен Әзербайжан тұтқын алмасады

Армения Республикасы премьер-министрінің аппараты және Әзербайжан Республикасы президентінің әкімшілігі бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы Аrmenpress хабарлайды.

«Әзербайжан Республикасы және Армения Республикасы өңірде көптен күткен бейбітшілікті орнату үшін тарихи мүмкіндік туындағаны жөніндегі пікірге ортақ. Қос мемлекет те қарым-қатынасты түзету, суверенитет және территориялық бүтіндік принципіне құрмет негізінде бейбіт келісімге қол жеткізу ниетін кезекті мәрте қуаттайды», – делінген мәлімдемеде.

Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы сенімді нығайту бойынша елеулі қадамдар қолға алу туралы келісімге қол жеткізілген.

Атап айтқанда:

Әзербайжан 32 армян әскери қызметшісін босатады;

Армения әзербайжандық 2 әскери қызметшіні босатады;

Армения климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Негіздемелік конвенциясына қатысушы тараптар конференциясының (СОР-29) 29-сессиясын өткізуге Әзербайжан берген өтінімге қолдау білдіріп, сессияны өткізуге өз кандидатурасын ұсынудан бас тартады.

Мәлім етілгендей, Армения және Әзербайжан Республикалары сенімді нығайтуға бағытталған және алдағы таяу келешекте іске асыру көзделген іс-шаралардың ауқымды көлемі бойынша келіссөздерді жалғастыруда және халықаралық қауымдастықты бұл ниетке қолдау білдіруге шақырды.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2861
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 957
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893