Жексенбі, 8 Желтоқсан 2024
1197 2 пікір 11 Желтоқсан, 2023 сағат 12:42

Энергетика вице министрі ауысады

Жандос Нұрмағамбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде вице-министр мен министр арасында жанжал болғаны туралы ақпарат тараған, бірақ министрлік баспасөз қызметі оны теріске шығарды. 

Жандос Нұрмағанбетов Энергетика вице-министрі лауазымына 2021 жылдың 13 желтоқсанында тағайындалған.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «КИМЭП Университеті» АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005-2010 жылдары — «Қызылорда ТЭК» АҚ бас директоры.

2011-2013 жылдары – «Қызылорда» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап 2021 жылға дейін «KEGOC» АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

фото: gov.kz

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1551