Жексенбі, 24 Қараша 2024
1963 2 пікір 13 Желтоқсан, 2023 сағат 13:41

Назарбаев университеті құрдымға кеткелі тұр!

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Талай жыл Назарбаев университетіне жетекшілік еткен Шигео Қатсу Қазақстан халқына хат жолдап, Назарбаев университетіне ара түсуді сұрапты. Айтуынша, экс-президент негізін қалаған оқу орнының есігіне құлып салынуға жақын. Бұл туралы DALA INSIDE жазды.

Депутаттар тарапынан сынға ұшырап, кем-кетігін көбейіп кеткен университеттің тағдыры қыл үстінде.

DALA INSIDE-қа белгілі болғандай ескі Қазақстаннан мұраға қалған оқу орны қарша бораған критикадан бүгін-ертең құтылмайды. Мұрат Әбенов бастаған депутаттар мен Сырым Итқұлов сынды атышулы блогерлер универді төпелетіп ұру туралы тапсырма алған.

Мекеме басшылығы сіз бен бізге есеп бермейді. Осыдан 12 жыл бұрын Назарбаев университеті, Назарбаев мектептері мен Назарбаева қорына «айрықша статус» берген заң осынау оқу орнын қоғамдық бақылаудан «арашалап» тұр. Соңғы үш жылдың өзінде универді «асырауға» 17 млрд теңгеге жетеқабыл қаржы бөлінген. Ал, нәтиже қайда? Универді көтеруге, дамытуға жұмсалған алтын уақыт, есіл ақша текке кеткен. Депутат Әбеновтің шырылдап жүргені де содан.

«НУ басшылығы елең-алаң күйде жүр. Қаржыландырудың күрт кемуі, мемлекеттің қолдаудың әлсіреуі, саяси қысымның күшейуі жақсылыққа әкелмейді. Алдағы апталарда Назарбаевтың, кешіріңіздер, Назарбаев университетінің тағдыры айқындалады. Оқу орны құрдымға кетсе, Жаңа Қазақстанның репутациясына дақ түседі. Сіздерден инвесторлар да теріс айналады», - дейді Шигео.

Мекеменің мақтауын асырып, мақала жазған Шигео Қатсуды қобалжытып отырған бір фактор бар:

Назарбаев университеті құрылғалы бері 13 жыл өтті. Оқу орнын айрықша статустан айырып, жақсылап аудит жүргізер болса талай шикілік шығары ғажап емес. Мұндай жағдайда Шигеоның басына бұлт үйіріледі...

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша алдағы күндері Дариғамен аффирленген медиа-ресурстарда Назарбаев университетіне араша сұрайтын контент күрт көбейеді.

Ескі Қазақстанның дәуірлеп шағында тұсында оқу орнының басшылығынан бөлек, атышулы «Жусан банктің» бұғалтериясын жүргізген Шигео мырза бір тықырдың таянғанын сезіне бастады. Жапондық топ менеджер ескі жүйеге қатысты біраз былықты біледі. Шиегоның милы басын пайдаланған әулет әзір шетелдік банктерде іріп шіріп жатқан қисапсыз байлықты шетке шығарып үлгерді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5624