Бейсенбі, 28 Қараша 2024
Билік 1511 0 пікір 13 Желтоқсан, 2023 сағат 13:53

Үкіметтің жылу маусымына ұзақ мерзімді жоспары бар ма?

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
бірінші орынбасары
Склярға!

Автор - Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев

«Ақ жол» демократиялық партиясы өткен жылыту маусымындағы апаттарды ескере отырып, былтырғы жылдың 30 қарашасы мен 21 желтоқсанында, сондай-ақ, 2023 жылдың 18 қаңтарында Үкіметке сол апаттардың салдарын жойып, болашақта қайталанбауының алдын алу мәселелерін көтеріп депутаттық сауал жолдаған болатын.

Одан бөлек, жаңа маусымға дайындық кезеңінде биылғы жылдың 15 мамыры, 14 маусымы және 4 қазанындағы сауалдарымызда осы тақырыпты тағы да көтеріп, қорытынды шығарып, жылу энергетикасын жаңарту және жаңғырту бойынша тұрақты жұмыстарды жөнге келтіруді ұсындық.
Мемлекеттік органдардың сауалдарымызға берген жауаптары көңілге қонымды болғанымен, өкінішке орай, енді ғана басталған аяз көтеріңкі көңілді су сепкендей басты. Енді, міне, бүкіл ел жылу беру маусымын үрейлене бастан өткеріп отыр.

Осыған орай, «Ақ жол» демпартиясы әріптестеріміздің осы мәселе бойынша бүгінгі депутаттық сауалын қолдайды.

Қазіргі жағдайда биылғы маусымдағы оқиғалардың қалай өрбитінін болжау қиын екенін түсінеміз.

Сондықтан, Үкіметте жылу-энергетика саласындағы қордаланып қалған мәселелерді кешенді түрде шешудің ұзақ мерзімді жоспарлары бар ма, бар болса бұл жоспарлардың қандай екенін хабарлауды сұраймыз.

«Ақ жол» фракциясының бұған дейінгі сауалдарында да бұл сұрақ дәл осылай қойылған болатын, енді белгілі болғандай, сол сауалдарымызға сенімсіз жауаптар алып келіппіз.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары
Е.Барлыбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
А.Садықов
Е.Бейсенбаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1561
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3365
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6389