Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
1888 0 пікір 25 Желтоқсан, 2023 сағат 11:44

Алматыдағы апат: Автобус жүргізушісін ұрған жолаушы 2 айға қамалды

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты сот үкімі шықты.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 24 желтоқсандағы сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті А-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Еске салайық, Алматыда автобус бір топ адамды қаққан еді. Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.

Сондай-ақ, Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2141
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3788