Жексенбі, 24 Қараша 2024
1393 0 пікір 25 Желтоқсан, 2023 сағат 11:59

Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

2024 жылы бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 130 мың 414 теңге болады, деп хабарлады Halyq Uni.

2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7%-ға, ынтымақты зейнетақыны 9%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ілгері арттыру көзделген.

2024 жылы бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде) – 130 414 теңге (2023 жылы – 120 838 теңге).

Бұдан басқа, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарысын 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру іске асырылады.

Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 60%-дан 65%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл – 28 215 теңге. Ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 100-ден 105%-ға дейін арттырылып, 45 578 теңге болады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі төмендегідей ұлғаяды:

    • 1, 2, 3 баланың тууына берілетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала тууына берілетін жәрдемақы 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін ұлғаяды;
    • мөлшері балалар санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін ұлғаяды;
    • I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін, II топ 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін, III топ 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін ұлғайтылады.

Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7% ұлғайтылады. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша іске асырылады.

Төлемдердің мөлшері жеке-жеке есептеледі және мыналарға байланысты болады: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.

фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560