Жексенбі, 24 Қараша 2024
1150 0 пікір 25 Желтоқсан, 2023 сағат 12:11

АҚШ Ресей билігін Навальныйды босатуға шақырды

АҚШ 20 күннен бері хабар-ошарсыз жатқан абақтыдағы орыс оппозиционері Алексей Навальныйдың тағдырына алаңдайды. Бұл жайында Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "Х" әлеуметтік желісіне жазды.

"Біз тағы да оны босатуға және Ресейдегі қуғындауды тоқтатуға шақырамыз", - деді Блинкен.

Навальныйдың жақтастары одан 20 күннен бері хабар жоқ екенін мәлімдеген.

Навальный соңғы рет 19 жыл жаза мерзімін өтеп жатқан Владимир облыстық түрмесінде емес екенін білдірген. Одан кейін одан хабар-ошар болмаған.

Ресейдің жазаны атқару қызметі 12 желтоқсанда Навальныйды басқа түрмеге ауыстырғаны жөнінде мәлімдеген.

47 жастағы Навальный 2021 жылдың қаңтар айынан бері қамауда отырған. Биыл тамызда ол "экстремистік бағыттағы ұйым құрды және қаржыландырды" деген айыппен 19 жылға еркінен айырылған. Оған дейін Ив-роше ісі бойынша айыпталып, тоғыз жылдық жазасын өтеп жатқан. Навальный өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Ол 2021 жылдың басында Ресейге Германиядан емделіп келгеннен кейін қамалған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары оны саяси тұтқын ретінде таныған.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552