Арнайы жоба: «Шетелдегі қазақ балалары»
«Қазақстан» ұлттық арнасы «Шетелдегі қазақ балалары» атты жаңа жобаны көрермен назарына ұсынады. Арнайы жоба 13 қазан күні сағат 17.20-да жарыққа шығады»-деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.
Ұлттық арна тілшісі Жанар Байсемізова Еуропа елдерінде болып, шетелдіктер асырап алған қазақтың жетім балаларының тағдырын зерттеп, тұрмыс-тіршілігіне қанығып қайтты.
1993 жылдың 10-мамырында Гаагада қабылданған «Балаларды қорғау және шетелдіктердің бала асырап алуын қолдау туралы» Конвенция бойынша жетімдерімізді өз азаматтарымызға тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда өзге елдің азаматтарының қамқорлығына беруге рұқсат етілген.
Осы заң негізінде шетелдіктер Қазақстаннан 8 806 жетім бала асырап алған. Олардың 6 мыңға жуығы – АҚШ-та, 725-і Испанияда, 426-сы Бельгияда тұрады.
-Қазақстанда шетелдіктердің қазақ балаларын асырап алуы ең көп талқыланған тақырып. Қоғам назарын аударып отырған мәселені зерттеу туралы 6 жыл ойландым. Бірақ бұл ойым тек «Қазақстан» ұлттық арнасына келгенде жүзеге асты, - дейді Жанар Байсемізова.

«Қазақстан» ұлттық арнасының негізгі мақсаттарының бірі - ұлттық мүддені қорғау. Шетелдегі қазақ балаларының мүддесін назарда ұстау арқылы ұлттық арна өз ұстанымына берік екенін тағы бір дәлелдеді.
« Қазақтың балалары тағдырдың жазуымен қай елдің азаматтығын алса да, ол біздің қандасымыз болып қала береді. Шетелдегі әрбір қазақ баласы өзінің «Қазақстан» деген отаны бар екенін біліп өсуі керек»-дейді жобаға қолдау көрсеткен корпорация басшылығы.
13 қазан күні сағат 17.20-да «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Шетелдегі қазақ балалары» атты арнайы жобаны көріңіздер.