Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2824 0 пікір 26 Желтоқсан, 2023 сағат 14:06

Депутат: Өзбекстан ешқашан ешкімнің колониясы болмайды!

Өзбекстан ешқашан біреудің колониясы болмайды. Осылай деп Олий мәжілісінің төрағасы Танзила Нарбаева 25 желтоқсанда жастармен кездесу кезінде айтты.

"Интернеттен "Өзбекстанмен олай істейік, бұлай істейік" деген түрлі сөздерді естіп, көріп жатсыңдар. Өзбекстан ешқашан ешкімнің колониясы болмайды. Сіздер мұны білесіздер, түсіндірудің қажеті жоқ", - деді парламенттің жоғарғы палатасының басшысы.

Өткен аптада Ресейдің "Әділетті Ресей" партиясының тең төрағасы Захар Прилепин Өзбекстанды және бұрынғы СССР-дің басқа аймақтарын Ресейге "қосуды" ұсынған. Бұл пікір Өзбекстан қоғамының сынына қалған.

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) Захар Прилепиннің мәлімдемесіне байланысты Ташкенттегі орыс елшісі Олег Мальгинов шақырылған.

Ресей СІМ "Прилепин сөздері ел басшылығының ресми ұстанымына ешқандай қатысы жоқ екенін" білдірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1006
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2550
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 703
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 674