Жексенбі, 24 Қараша 2024
1422 0 пікір 26 Желтоқсан, 2023 сағат 14:08

ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Ділманов 4 жылға сотталды

Алматы гарнизоны әскери соты шешіміне сәйкес, ҰҚҚ төрағасының экс-орынбасары, шекара қызметінің директоры болған Дархан Ділманов "билігін асыра пайдаланды" деген айыппен кінәлі деп танылды.

Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Бұған қоса, Ділмановтің дүние-мүлкі тәркіленіп, генерал-лейтенант әскери атағынан айырылады. Оған мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды.

Ділманов 2022 жылғы маусымда қамауға алынды. Қылмыстық іске қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттеріндегі заңсыз схема түрткі болған.

Бұл істе бірқатар адамға үкім шықты. Бірі бес жылға сотталды, екінші адамға 38 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қалған айыпталушылар үш жыл алты айдан бес жыл алты айға дейін бас бостандығын шектеу жазасын алды, бірақ олардың мүлкі тәркіленбеді.

Ділманов 2022 жылы сәуірде ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры қызметінен босатылған еді. Ол 1998 жылдан бері ҰҚК шекара қызметіне жұмыс істеп, 2015 жылы маусымда шекара қызметіне директор болып тағайындалған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде контрабанда мен жемқорлық мәселесіне назар аударып, оны жоюды тапсырды. Осыдан соң елде Қытаймен шекарадағы кедендерге қатысты тексеріс басталған.

Қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде жүк көліктері жиі кедергіге тап болып, апталап кезекте тұрып қалады. Саудагерлер де кеденнен өту қиын екенін жиі айтатын.

Нұр-Сұлтан қазақ-қытай шекарасында жемқорлықтың салдарынан кеден алымдарынан ондаған миллиард доллар бюджетке түспей қалған деп күдіктенеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552