Сенбі, 23 Қараша 2024
1263 0 пікір 4 Қаңтар, 2024 сағат 13:51

Сот Данат Намазбаевты мерзімінен бұрын қамаудан шығармайтын болды

Бұл туралы депутат Ермұрат Бапи Данат Намазбаевтың адвокаты Жанар Балғабаеваға сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

– Данат Намазбаевты УДО-ға шығару жөнінде адвокат Жанар Балғабаеваның шағымымен Қонаев облыстық сотының отырысы өтті. Қазақтардың намысын қорғап, Фейсбукта орыс шовинистерімен дискуссияға үшін сотты болған Данаттың жазасын жеңілдету жөніндегі өтініш қабылданбады. Өкінішті! Президент Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында айтылған ізгі пікірлерден кейін, тиісті жазалаушы органдар мейірбан шешім қабылдауы керек еді. Олай болмады! Яғни, қоғамды шеңгелдеп ұстауды мақсат еткен "қырғилардың" үстемдігі әлі де жүріп тұр деген сөз! Сондықтан реформалар әлі де жалғасуы керек, Президент мырза! Біздегі өзгерістердің ауылы әлі де алыс! – деп жазады депутат Ермұрат Бапи әлеуметтік желіде.

Еске сала кетейік, «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айыппен жазасын өтеп жатқан белсенді Данат Намазбаев түрмеден хат жазып, «шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды күтетінін» хабарлаған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381