Сенбі, 23 Қараша 2024
1332 0 пікір 4 Қаңтар, 2024 сағат 14:20

Қазақстан ресейлік хакерді экстрадициялады

F.A.C.C.T. компаниясының қызметкері Никита Кислицин Қазақстаннан Ресейге экстрадицияланды. Бұл деректі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады.

Атап айтқанда, 2023 жылдың 21 желтоқсанында Кислицин тиісті тәртіп бойынша өз еліне экстрадицияланған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылы маусым айында Бас прокуратура Ресей азаматы, ІТ саласының маманы Никита Кислицин АҚШ-тың сұрауы бойынша Қазақстанда ұсталғанын растаған еді.

Осы ретте Қазақстан жағы бұл іс жан-жақты зерттелетінін мәлімдеген еді. Осыдан кейін ғана күдіктіні экстрадициялау немесе бермеу жөнінде шешім жасалатыны айтылды.

Сонымен қатар, Ресей жағы да киберқылмысқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясының департамент басшысы Никита Кислицинге іздеу жариялады.

Мәскеудің аудандық соты оны қамауға алу жөнінде шешім жасаған.

Ол заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізген деген күдікке ілінген.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349