Сенбі, 23 Қараша 2024
1739 0 пікір 5 Қаңтар, 2024 сағат 13:49

Зорлық-зомбылықты күлкіге айналдырған блогер сынның астында қалды

Invictus фитнес-клубтар желісі блогер Әлихан Байзақовты енді есігінен аттатпайтын болды. Оған себеп: әлеуметтік желіде миллионнан астам оқырманы бар блогер әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықты келеке етіп, видео түсірген. Күйіп тұрған проблеманы мазақ еткен блогердің іс-әрекеті көпшілік қауымның ызасын туғызды.

Видеода Байзақов грушаны әйел бейнесінде көрсетіп, тізерлеп сақина ұсынып, сөз салғандай болады, содан кейін грушаны тепкілей бастайды.

Ол видеоның сипаттамасына «POV: егер ол қарсы болса» деп жазып қояды.

Фитнес-клуб Әлихан Байзақовтың бейнеролигіне наразылығын білдіріп, этикаға жат қылық деп атады. Компания өкілдері блогермен хабарласып, оған видеоны алып тастауды сұраған, алайда Байзақов өз әрекетінен зорлық-зомбылықты насихаттайтын белгілер көрмепті. Сондықтан фитнес-клубтар желісі блогерді өз клубтарына кіру мүмкіндігінен айырды.

Аз уақыттан соң Байзақов шулы видеосын өшіріп тастады.

Фото: Ә.Байзақовтың инстаграм парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377