Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3669 0 пікір 17 Қазан, 2013 сағат 03:02

Халықаралық Франкфурд кітап жәрмеңкесінде Немат Келімбетовтің еңбектері таныстырылды

2013 жылы, 10-14 қазан күндері Франкфурт қаласында өткізілген 64-ші халықаралық кітап жәрмеңкесіне барып қайттым. Биыл оған Қазақстаннан Баспагерлер және кітап сатушылар қоғамы, "Фолиант", "Мектеп", "Атамұра", "Алматыкітап", "Раритет" сынды бір қатар баспаүйлері қатысты.

Бұл да болса тәуелсіздіктің арқасында болып отырған игілікті іс. Өйткені бұл жәрмеңке әлемдегі ең үлкен кітап жәрменкесі болып табылады. 100 елден 7 мыңнан астам баспагер қатысқан осы жәрменке бір елдің кітап пен ұлттық әдебиет саласындағы мәдени жетістіктерінің әлемдік байқауға түскен жері сияқты. Сондықтан әлемнің дамыған елдері жәрмеңкеге баса мән беріп, өздерінің рухани байлықтарын өзге елдерге көрсетуге, оларды шетел баспаларынан жарық көрдіруге күш жұмсауда. Жәрмеңкені аралаған уақытта АҚШ, Қытай, Франция және Ресей сыяқты елдердің мәдениеттерін басқа елдерге жарнамалауда бір-бірінен асып түсуге күш жұмсағандай көрінді.

Түркі тілдес елдер арасында осы жәрмеңкеге Әзірбайжан, Қазақстан, Солтүстік Кипир Түрік Республикасы мен Түркия қана қатысқан. Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркменстан қатыспаған. Олардың неліктен осы жәрмеңкеге қатыспағаны туралы нақты білмегенмен, мұны тек экономикалық қиыншылықтармен түсіндіру де жеткіліксіз сияқты. Өйткені аталған елдерден экономикасы жоғары саналмайтын Тәжікстан бір стендпен де болса қатысқан.

 30 жылдан астам уақыттан бері Ыстанбұлда Кітап Жәрменкесін табысты түрде үздіксіз ұйымдастырып келе жатқан Түркия Франкфурт кітап жәрмеңкесіне қатысушылығының көлемін жыл сайын ұлғайтып келе жатыр. Биыл Түркия 200 баспаүйі атынан 32 баспагермен қатысып отыр. Сонымен қатар әлемге әйгілі түрік теңіз адмиралі Пірі Реистің жасаған әлем картасына 500 жыл толуына байланысты сурет көрмесі де ұйымдастырылды. ЮНЕСКО 2013 жылды Пірі Реис жылы деп жариялаған еді.

Міне осылайша Франкфурт жәрмеңкесі қатысушы елдердің  ғылым мен мәдениеттегі ұлы тұлғаларын әлемнің түрлі елдерінен келетін қатысушыларға танытуға мүмкіндік беруде. Осы орайда Италяндықтардың әлемге танымал жазушысы Умберто Эконы, Колумбияның Габриэль Гарсиа Маркесті алға шығарғаны байқалады. Ал еңбектері 150-ден астам тілге аударылған тек Қырғызстанның қана емес, бүкіл түркі дүниесінің мақтанышы Шыңғыс Айтматовтың осы жәрмеңкеде есімі мен еңбектерін насихаттаған бір агенттіктің болмауы өкінішті.

Әйтеуір Қазақстан жәрмеңкеге бұл салада құр қол бармаған екен. Шығармалары әлемнің бір қатар тілдеріне аударылған Немат Келімбетовтың қытай, орыс, түрік, ағылшын, неміс және украин тілдерінде жарық көрген еңбектері сөз болған бір жиналыс өткізілді. Қазан айының 11- күні болып өткен іс-шараға белгілі әдебиет зерттеушісі, Еуразия университетінің профессоры Сейіт Қасқабасов, Мәскеулік баспагер және академик Георги Прияхин, аудармашы Ғұсман Төреғұл, Пекиндегі ұлттар баспасынан Әбиден Айқын, Түркиядан осы жолдардың авторы, Астанадан жазушы және баспалар жөніндегі маман Райхан Мәженқызы сынды бір қатар жазушы және ғалымдар қатысты. Мұндай іс-шаралардың қазақ әдебиетін әлемге таныстыруда маңызды екені анық.

Франкфурт Кітап Жәрмеңкесі баспагерлер, кітап агеттіктері, кітап сатушылары, жазушылар, аудармашылар, сурет салушылар, кітапхана өкілдері және кітапқа қатысты мекемелердің қайреткерлерінің басын қосады. Бұған қоса жәрмеңкеде семинар, дөңгелек үстел, концерт және басқа да мәдени іс-шаралар өткізіледі. Жыл сайын жәрменкенің құрметті қонағы бір ел болады. Биыл Бразилия жәрмеңкенің құрметті қонағы екен.

Демек қазақ әдебиетінің сонымен қатар тәуелсіздік алғаннан кейін мәдени мұра бағдарламасы арқылы жарық көрген құнды дүниелерді әлемге паш ету барысында Франкфурт жәрмеңкесі өте маңызды. Осыны ұтымды пайдалану қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін әлемге таныту үшін аса қажет. Жәрмеңкенің қақпасы алғашқы үш күні кітап саласының  кәсіби қайраткерлеріне, ал соңғы екі күні болса қарапайым халыққа, яғни оқырмандарға ашылуда.

Бес күн ішінде әлемнің көптеген елдерінен келген жалпы 300 мың адам аралаған жәрмеңкеге 1500 жазушы қатысты және 3 мың мөлшерінде мәдени іс-шара өткізілді. Франкфурт жәрмеңкесіне жүргізілген зерттеу бойынша әлемде ең көп кітап шығаратын ел АҚШ болып шықты. Олар жылына әртүрлі тақырыпта 330 мың кітап шығарады екен.  Одан кейінгі орындарды Қытай (207 мың), Ұлы Британия (150 мың), Ресей (120 мың), Индия мен Германия (82 мың)  иеленуде. Ал түркі елдерінің ішінде  Түркия (43 мың кітап) әлемдегі ең көп кітап шығаратын 13 елдің қатарында екен.

Әбдіуақап Қара.

Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем

өнер университетінің профессоры

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321